Мәзір

Каспийде қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған

Каспийде қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған Каспийде қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған
ФОТО: Жас Батыр Актау

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында 20 жастағы Сержан Аяпберген де болды. Ол әскерге дейін спортпен белсенді айналысып, самбо және дзюдодан жетістіктерге жеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сержан «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған. Ол республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлдемен оралған, деп жазады Sports24.kz.

Турнирлердің бірінде команда жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған. Бұл жетістікке Аяпберген де өз үлесін қосқан. Оның жаттықтырушысы Айбек Бисекенов Сержанның финалдық бәсекелердің бірінде жеңіске жетуге сәл ғана жетпей қалғанын еске алған.

Сержан самбомен қатар дзюдодан да өнер көрсеткен. Ақтауда өткен халықаралық жасөспірімдер турнирінде 42 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған.

Қазақстан чемпионатының жүлдегері

Спорт мектебінің мәліметінше, Аяпберген самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанған. Сондай-ақ ТМД студенттері арасындағы жарыстарда медаль жеңіп алып, дзюдодан ірі турнирлерге қатысқан. Бұдан бөлек, 2006-2008 жылдары туған спортшылар арасындағы жасөспірімдер жарыстарында жеңімпаз болған.

Жарыстардан кейін Сержан мерзімді әскери қызметке кеткен.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу басталды. Іс ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2