Мәзір

Каспий теңізінен 12 әскери қызметшінің денесі шығарылған

Каспий теңізінен 12 әскери қызметшінің денесі шығарылған Каспий теңізінен 12 әскери қызметшінің денесі шығарылған
ulysmedia.kz

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кеткен әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, іздеу жұмыстарына сүңгуірлер тартылған. Олар теңізге шығып, су астында іздеу жүргізіп жатыр. Әуеден екі тікұшақ бақылау жұмыстарын атқаруда. Теңізде үш әскери кеме бар. Алайда олардың оқу-жаттығу кезінде оқиға орнында болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Қазір жағалауда полиция, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, Шекара қызметінің өкілдері және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнында қызмет өкілдері журналистерге толық түсініктеме бермеген. Астанадан үкіметтік комиссияның келуі күтілуде. Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.

Ulysmedia.kz тілшісінің соңғы мәліметінше, Каспий теңізінен 12 әскери қызметшінің денесі шығарылған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңіз ағызып кеткенін, оның тоғызы қаза болғанын, ал үшеуі құтқарылғанын хабарлаған.

Құтқарылған әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. 2007 жылы туған жас әскери қызметші жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2