Мәзір
22 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда қоқыс тастауға шығып, оралмаған бозбала төрт аптадан кейін табылды

Алматыда үйінен қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған 16 жастағы жасөспірім төрт аптадан кейін табылды, деп хабарлады buginmedia.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қоқыс тастауға шығып, оралмаған бозбала төрт аптадан кейін табылды Алматыда қоқыс тастауға шығып, оралмаған бозбала төрт аптадан кейін табылды
Фото: видеодан алынды

16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады. 

Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді. 

“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада.

Апта талқысында: