Мәзір
18 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда қоқыс шығарамын деп шыққан 16 жастағы Айдос Ақымбаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: видеодан алынды

Желідегі мәлімет бойынша оны туғандары мен полиция 21 күннен бері іздеп жатыр. 28 шілде күні таңғы сағат 10:53-те ол Әуезов ауданы Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен шыққан.

Жоғалған күні оның киімінде ақ футболка, қара шорты және аяғында қою көк түсті крокс-сланец болған.

Сол күннен бері жасөспірімді ешкім көрген жоқ. Полиция жас жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2