Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Әлеуметтік желіде тараған "20 адам 3 жасөспірімді ұрды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді полиция қызметкеткерлері.
Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.
Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар - 13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жасөспірім. Олардың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.