азақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Отбасы күніне орай отбасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші el.kz тілшілерінің отбасындағы қарым-қатынасы мен бала тәрбиесіне қатысты сауалдарына жауап берген.
«Үйде соңғы сөз жолдасымдыкі. Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін. Отбасында ақшаны жақсы ұстайды. Бала тәрбиесінде қатал. Күйеуім маған көп комплимент айтады, “менің жұлдызымсың” дейді. Ас ішкенде телефонсыз отырамыз. Бақытты отбасының құпиясы – әке мен шешенің бір-біріне деген махаббатының нәтижесінде», – деді Гүлнұр Оразымбетова.