Оның айтуынша, Baspana Hub тұрғын үйге қатысты негізгі сервистерді бір платформаға біріктіреді. Ал токенизация тетігі енгізілсе, азаматтар пәтерді толық сатып алмай-ақ, оның белгілі бір үлесіне инвестиция сала алады.
Қазір бұл модельді құқықтық реттеу, платформаны банктермен интеграциялау және қолжетімді қызметтер санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Baspana Hub экожүйесінің тұжырымдамасы алғаш рет 2025 жылдың шілдесінде Қазақстан Президентіне отандық жасанды интеллект жобалары мен цифрлық бастамалар қатарында таныстырылған.
Алайда қазір Baspana Hub жеке дербес портал ретінде толыққанды іске қосылған жоқ. Азаматтар тұрғын үй іздеу, ипотека рәсімдеу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелерін Baspana Market маркетплейсі мен Отбасы банктің сервистері арқылы шешіп келеді.