Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы құндылықтары туралы пікір білдірді.
Өнер иесі Instagram парақшасында төрт баласы бар ер адамның отбасына қатысты жағдайды сөз етіп, отбасын бұзуға себеп болатын қарым-қатынастарға наразылығын жеткізді.
Әнші мұндай жағдайларға қатысты әйелдердің суреттерін жариялайтын арнайы парақша ашу идеясын да ұсынған.
«Отбасын бұзған әйелдердің түрін инстаға шығарып, халыққа таныстырып тұратын парақша ашамыз ба?4 баласы бар еркекпен жүріс жасап, осы әйел үшін бір отбасы ажырасып жатыр. 1 сағат тұрсын сосын алып тастаймын», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыланды.