Мәзір
Бүгін, 10:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Таңғы 04:30-да үйге кірген: Астанада 15-қабаттан секірген әйелдің соңғы видеосы жарияланды

Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаға дейін әйелдің тұрғын үйге кірген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Таңғы 04:30-да үйге кірген: Астанада 15-қабаттан секірген әйелдің соңғы видеосы жарияланды Таңғы 04:30-да үйге кірген: Астанада 15-қабаттан секірген әйелдің соңғы видеосы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Видеода әйелдің таңғы сағат 04:30 шамасында бірнеше сөмкемен көпқабатты үйге кіргені көрінеді. Алдын ала ақпарат бойынша, ол осы үйдегі жалдамалы пәтерге келген. Шамамен алты сағаттан кейін ғимарат маңында қайғылы оқиға болған.

Куәгерлердің айтуынша, 27 жастағы әйел 15-қабаттан құлап, төменде болған екі жасар балаға түскен. Әйел мен бала алған жарақаттарынан көз жұмған.

Үй тұрғындарының бірі Кенжекүл сол кезде әйелдің айқайын естігенін айтты.

«Баланы жұбатып отырғанмын. Қызым үй жинап жүрген. Бір уақытта әйел адамның шыңғырған дауысы естілді. “Жас келіншек шығар” деп ойладым. Артынша қызым жүгіріп барып, терезеден қарап, “Авария болды ма?” деп алаңдады», – деді ол.

Тұрғындар оқиғадан кейін әйелді іздеп келген немесе оның туысы екенін айтқан адамдарды көрмегенін жеткізді. Осыған байланысты оның пәтерде жалғыз болғаны туралы болжам жасалған. Дегенмен бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Әлеуметтік желідегі видео әйелдің оқиғаға дейінгі қозғалысын көрсетеді. Оның тұрғын үйге не себепті келгені және қайғылы жағдайдың нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2