Видеода асаба күйеу жігіттен торттың алғашқы бөлігін кімге беретіні туралы сұрайды. Күйеу жігіт:
«Мені дүниеге әкелген ата-анам жейді», – деп жауап береді.
Осыдан кейін қалыңдық бір нәрсе айтып, оның жауабына көңілі толмағанын білдіреді. Бұған ашуланған күйеу жігіт тортты лақтырып жібереді.
Желі қолданушылары видеоны әртүрлі қабылдады. Бірі кадрлардағы жағдайды шынайы жанжал деп бағаласа, енді бірі бұл алдын ала ұйымдастырылған пранк болуы мүмкін деген пікір білдірді.