Мәзір

«Ақ жол» партиясының бұрынғы қызметкері Азат Перуашевты сексуалды қысым көрсетті деп айыптады

«Ақ жол» партиясының бұрынғы қызметкері Азат Перуашевты сексуалды қысым көрсетті деп айыптады «Ақ жол» партиясының бұрынғы қызметкері Азат Перуашевты сексуалды қысым көрсетті деп айыптады
ашық дереккөз

«Ақ жол» партиясында бұрын жұмыс істегенін айтқан әйел партия төрағасы Азат Перуашевқа сексуалды қысым көрсетті деген айып тақты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әйел әлеуметтік желідегі жазбасында партияда 2022 жылдан бері еңбек еткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, 2024 жылы Перуашев тарапынан жеке сипаттағы ишаралар жасала бастаған. Кейін саясаткер оның келісімінсіз қол тигізгенін айтқан.

Бұрынғы қызметкер жұмыстан тыс кездесуге барудан бас тартқаннан кейін жұмыс көлемі артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол кейін Перуашевпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болғанын жазған.

Әйелдің сөзінше, партияда мұндай жағдайға тап болған өзге әйелдер де болған. Ол 2026 жылдың көктемінде қызметкерлердің бірі жүкті болғаннан кейін партия ішінде «дүрбелең» басталғанын айтып, бұл жағдайды партия төрағасының ауысуымен байланыстырған.

Азат Перуашев бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Саясаткердің айтуынша, аталған материалдың сілтемесі оған қысқа уақыт ішінде 20-дан астам белгісіз нөмірден жіберілген.

«Мұндай арандатушылықтардың толықтай жалған әрі негізсіз екенін ресми түрде мәлімдеймін», – деп жазды Перуашев.

Ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтты. Сонымен қатар жарияланым авторларын жауапкершілікке тартуды талап ететінін мәлімдеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2