Республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында антициклонның жотасы әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Батыс өңірлерде ауа температурасының түнде +12…+21°С-тан +7…+16°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +13…+23°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Солтүстік-батыста түнгі температура +13…+20°С-тан +5…+15°С-қа дейін, күндіз +20…+30°С-тан +15…+25°С-қа дейін төмендейді.