Мәзір
Бүгін, 09:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында болған жойқын жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
ашық дереккөз

Қайғылы жол апаты Қандыағаш қаласына жақын маңда, республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Астрахань» автожолының 94-шақырымында болды.

Полицияның мәліметінше, жолда екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан көліктердегі адамдардың барлығы қаза тапты. Марқұмдар Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары болған.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Полиция қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қала сыртындағы жолдарда барынша сақ болуға шақырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2