Мәзір
Бүгін, 18:34 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам әйелін зират басына апарып толғағы басталғанына қарамай ұрып-соққан

Желіде Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті қыздың қатыгездікпен азаптауға ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысында ер адам әйелін зират басына апарып толғағы басталғанына қарамай ұрып-соққан Жамбыл облысында ер адам әйелін зират басына апарып толғағы басталғанына қарамай ұрып-соққан
pexels.com

Threads желісінде құқық қорғаушы Ляззат Ракишеваның жазбасына сілтеме жасай отырып, Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін қатыгездікпен азаптады деген күдікке ілінгені жазлыған жазба пайда болды. 

«Ер адамның ашуына әйелінің оның рұқсатынсыз үйден шығып кеткені себеп болған», – деп жазылған жазбада.

Хабарланғандай, агрессор әйелін күштеп көлікке отырғызып, зиратқа алып барған. Жол бойы ер адам оның басынан ұрған.

«Зираттың өзінде азаптау жалғасқан. Ер адам тексеру үшін телефонын тартып алған, пышақпен қорқытқан, қылқындырып, қыздың бетінен ұрған. Басынынан өткен қорқыныш пен соққыдан қыздың дәл зиратта суы кетіп, босанар алдындағы толғақтары басталған. Алайда күйеуін бұл да тоқтатпаған, ол оны бір сағаттан астам уақыт бойы сол жерде ұстап, әйелінің көз жасы мен ауырсынуы оның ашуын одан сайын күшейтетінін айтқан», – делінген жарияланымда.

Жамбыл облысы ПД хабарлағандай, ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2