Мәзір
Бүгін, 11:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 33 градусқа дейін ысиды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құрғақ әрі аз бұлтты болады. Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреп, күндізгі температура жоғарылайды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 33 градусқа дейін ысиды Қазақстанда алдағы үш тәулікте 33 градусқа дейін ысиды
ашық дереккөз

Дегенмен солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі ауа райы салқын болады. Ал елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы және желдің күшеюі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:

батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте — +28…+33°С;аы

солтүстік, шығыс және орталықта — +23…+30°С;

оңтүстік-шығыста — +20…+27°С;

таулы және тау бөктеріндегі аудандарда — +10…+15°С.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2