Мәзір
Бүгін, 15:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қыркүйектің алғашқы күндері қырау түсіп, қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанда қыркүйектің алғашқы күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде құрғақ әрі аз бұлтты ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде түнде үсік жүруі мүмкін,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қыркүйектің алғашқы күндері қырау түсіп, қар аралас жаңбыр жауады Қыркүйектің алғашқы күндері қырау түсіп, қар аралас жаңбыр жауады
ашық дереккөз

1–2 қыркүйекте солтүстік, шығыс және орталық облыстарға солтүстік циклон әсер етеді. Осыған байланысты түнде жаңбыр және жылбысқы қар жаууы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал.йы

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Бірқатар облыста жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі ауа температурасы 0…+5°C аралығында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа +20…+33°C-қа дейін жылынады.

Шығыс пен орталықта түнде 0…+5°C, оңтүстігінде +10°C шамасында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз температура +15…+30°C аралығында болады.

Елдің оңтүстігінде түнгі температура +10…+15°C, таулы аудандарда +3…+8°C-қа дейін төмендейді. Күндіз оңтүстікте +18…+23°C, таулы жерлерде +7…+12°C болады.

Ал батыс өңірлерде күн жылы сақталып, күндіз ауа температурасы +28…+33°C-қа дейін көтеріледі. Маңғыстауда ауа +30…+35°C-қа дейін жылынады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2