Кезеңнің соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады.
29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында, 30–31 тамызда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ауа температурасы:
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–23°-тан 25–30°-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды: күндізгі температура 25–35° шамасында сақталады.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 10–15°-тан 0–5°-қа дейін төмендейді. Кезең соңында кей жерлерде 3°-қа дейін үсік күтіледі. Күндізгі температура 15–25°-тан 10–15°-қа дейін төмендейді.
Еліміздің шығысында да ауа температурасы төмендейді. Түнде 10–15°-тан 5–10°-қа дейін, күндіз 25–35°-тан 15–25°-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 10–20°, күндіз 25–35° жылы болады.