Halyqstan мәліметінше, жасөспірім сол түні анасымен сөйлескісі келген. Ол анасы таңдаған химия мен биология пәндерін оқуға қарсы болған. Алайда олардың әңгімесі жанжалға ұласып, арты қайғылы жағдаймен аяқталған.
Жасөспірім бұған дейін түрлі зияткерлік байқауларға қатысып, кейін жекеменшік мектепке ауысқан. Ол жерде бірқатар пәнді, соның ішінде химия мен биологияны тереңдетіп оқыған.
Оқиғадан кейін жасөспірім арнайы медициналық мекемеге орналастырылған. Оған созылмалы шизофрения диагнозы қойылған. Осы себепті ол биыл көктемде 11-сыныпты аяқтауы тиіс болғанымен, оқуын жалғастыра алмаған.
Іс бойынша жәбірленуші ретінде оның 73 жастағы әжесі танылған. Ол да сол түні жарақат алған.
Айыпталушы – отбасындағы үлкен бала. Сот отырысына оның кіші інісі де келгенімен, ағасымен кездесе алмаған. Жасөспірім қазіргі уақытта арнайы мекемеде жатыр.
Келесі сот отырысы 3 қыркүйекке белгіленді.