Мәзір
Бүгін, 10:22 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ және екпінді жел: 26 тамызға ауа райы болжамы

Синоптиктер 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңбыр, бұршақ және екпінді жел: 26 тамызға ауа райы болжамы Жаңбыр, бұршақ және екпінді жел: 26 тамызға ауа райы болжамы
tv41.com.tr

26 тамыз, сәрсенбі күні циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел соғуы мүмкін.

Атмосфералық қысым жоғары аймақта орналасқан Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы сақталады.

Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігінде күн әлі де ыстық болады. Солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 °C, орталық және оңтүстік өңірлерде +25…+35 °C, шығыста +20…+31 °C аралығында болады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2