Мәзір
Бүгін, 13:12 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев вице-президентті алдағы он күннің ішінде сайлайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына тағайындалатын кандидаттың есімі алдағы аптада немесе он күннің ішінде белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаев вице-президентті алдағы он күннің ішінде сайлайтынын айтты Тоқаев вице-президентті алдағы он күннің ішінде сайлайтынын айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді. Кездесу барысында журналистер Мемлекет басшысынан вице-президент лауазымы енгізілгеннен кейін елде қандай өзгерістер болатынын сұрады.

Тоқаев бұл қызметтің Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, вице-президент лауазымы Конституцияға қазіргі кезеңдегі қажеттілікке байланысты енгізілген.

«Жұрттың бәрі Вице-Президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде Вице-Президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа қызметке тағайындалатын адамның қоғамға жақсы таныс болуы мүмкін екенін де айтты.

«Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», – деді Тоқаев.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2