«Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. «Кетсең де шалғай» әнін сол Қанатқа арнап жылап айтқам. Ол кісі қайтыс болды», – деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, Қанат өмірден өткеннен кейін оның ұлы Мақпал Жүнісоваға хабарласып, әкесінің аманатын жеткізген.
«Сол кезде соның баласы маған звондап: «Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген», – деді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнге дейін ол кісінің суреттері мен хаттары сақтаулы», – деді Мақпал Жүнісова.