Мәзір
Бүгін, 17:36 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысында өзіне қол салған оқушы қыздың өлер алдындағы хаты жарияланды

Ясминаның әпкесі отбасы сараптама нәтижесін шамамен төрт ай күткенін айтты. Оның сөзінше, мамандардың қорытындысы туыстарының басынан бастап айтып келгенін растаған, деп хабарлайды buginmedia.kz qumash.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында өзіне қол салған оқушы қыздың өлер алдындағы хаты жарияланды Алматы облысында өзіне қол салған оқушы қыздың өлер алдындағы хаты жарияланды
Отбасының жеке архивінен

«Жауап келді, ол біздің айтқанымызды растады. Біз мұғалімді өз болжамымызға сүйеніп айыптап отырған жоқпыз. Мұғалім сабақтың дәл үстінде, бүкіл сыныптың көзінше Ясминадан қолхат алды. Мұны оның сыныптастары да растайды. Сонымен қатар біз тергеушілермен бірге Ясминаның телефонын қарап шықтық. Барлық хат алмасу бар. Біздің қолымызда нақты дәлелдер бар», – деді марқұмның әпкесі.

Соңғы хат алмасу

Желіде Ясминаның қайтыс боларынан аз уақыт бұрын жігітімен жазысқан хаттары жарияланды. Мұғалім Ернаттың анасы болған.

Хат алмасуда мектеп оқушысы одан:

«Мен сенің анаңа не істедім? Неліктен ол маған тиісіп жүр?» деп сұраған.

Ясминаның әпкесінің айтуынша, бұл хаттар қыздың мұғаліммен қарым-қатынасына алаңдағанын және педагогтің не себепті оған қысым көрсеткенін түсінбегенін көрсетеді.

«Мұғалім – білімді адам. Егер жағдайды жеткілікті деңгейде түсінген болса, Ясминаның ата-анасына хабарласып, не болып жатқанын түсіндіре алар еді. Сонда ата-анасы қызымен өздері сөйлесіп, тәрбиелік тұрғыдан түсіндіре алатын еді. Бірақ мұғалім ата-анасына хабар бермей, оның орнына кәмелетке толмаған қызды сабақ үстінде, бүкіл сыныптың көзінше қорқытып, оған қысым көрсеткен. Жағдайды анықтап алмай тұрып асығыс қорытынды жасамаңыздар және болмаған нәрсені ойдан шығармаңыздар. Ясмина жігітінің кесірінен мұндай жағдайға түскен жоқ. Ол ересек мұғалім тарапынан көрсетілген қысымға шыдай алмай, одан қорыққандықтан өмірімен қоштасуға шешім қабылдады», – деді марқұмның әпкесі.

Отбасы әділдік талап етеді

Туыстары сараптама нәтижесі алынғаннан кейін мұғалімнің неге бостандықта жүргеніне алаңдайды.

«Осы мұғалімнің кесірінен тағы бір жасөспірім осындай қадамға бармайтынына кім кепілдік береді?», – деп сұрайды Ясминаның әпкесі.

Отбасы педагогтің әрекетіне құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 17 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2