Мәзір
Бүгін, 10:26 / BuginMedia / Әлемде

Трамп Иранмен келіссөзге нүкте қойды

АҚШ қазір Иранмен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ және тараптардың жаңа кездесуін өткізу жоспарда жоқ. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Трамп Иранмен келіссөзге нүкте қойды Трамп Иранмен келіссөзге нүкте қойды
Фото: washingtondcpress

Вашингтонның Иранмен келіссөз жүргізіп жатпағанын және жаңа кездесулер жоспарланбағанын мәлімдеді. Оның сөзінен АҚШ-тың Тегеранға қысымын жалғастыратыны аңғарылады.

«Иран Ислам Республикасымен ешқандай келіссөз немесе байланыс жүргізіліп жатқан жоқ және жоспарланбаған. Әскери-теңіз блокадасы толық көлемде сақталып, өз жұмысын жалғастыруда. Ормуз бұғазы ашық және жұмыс істеп тұр. Барлық теңіз миналары алынып тасталды немесе жойылды», – деп жазды Трамп.

АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі Вашингтон мен Тегеран маусымда қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімі аяқталғаннан кейін бір күн өткен соң жарияланды. Құжат тараптарға соғысты тоқтатуға және Ормуз бұғазына қатысты жағдайды реттеуге бағытталған кең ауқымды келісім бойынша келіссөз жүргізуге 60 күн берген.

Алайда осы уақыт ішінде тараптар тұрақты келісімге келе алмады. Вашингтон мен Тегеран бір-бірін қол жеткізілген уағдаластықтарды бұзды деп айыптап, әскери қимылдар толық тоқтаған жоқ.

Бұған дейін келісімнің мерзімі ұзартылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл жүзеге аспады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2