Мәзір
Бүгін, 11:18 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстаннан Дубайға рейстер қыркүйектің соңына дейін тоқтатылды

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін ұзартылатынын хабарлайды.

Қазақстаннан Дубайға рейстер қыркүйектің соңына дейін тоқтатылды Қазақстаннан Дубайға рейстер қыркүйектің соңына дейін тоқтатылды
фото: Дубай әкімдігі

Бұл шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданды. Бұған дейін әуекомпания рейстердің 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша билеттер 3 қазаннан бастап қысқы ұшу кестесі аясында қолжетімді. Әрі қарай өзгерістер болған жағдайда қосымша ақпарат беріледі.

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға кейінгі рейстерге қайта брондау немесе билет құнын сатып алған жері бойынша айыппұлсыз толық көлемде қайтару ұсынылады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2