Жөндеу жұмыстары 08:00-ден немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақытта аталған аумақтардағы тұрғындар электр жарығынсыз қалуы мүмкін.
18 тамызда:
Айгерім-1;
Тастыбұлақ;
Каменское Плато шағынаудандарында жарық өшеді.
19 тамызда:
Айгерім-1;
Шаңырақ-1;
Тастыбұлақ;
Таусамалы;
Ожет шағынаудандары қамтылады.
20 тамызда:
Шаңырақ-1;
Шаңырақ-2;
Шуақты;
Қарағайлы;
Тастыбұлақ;
Қалқаман-2;
Қуаныш шағынаудандарында электр жарығы уақытша ажыратылады.
21 тамызда:
Айгерім;
Байбесік;
Тастыбұлақ;
Қалқаман-2 шағынаудандарында жарық болмайды.
Компания жөндеу жұмыстарының уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Электр жарығын өшірудің нақты уақыты мен толық мекенжайлар тізімі «Алатау Жарық» компаниясының жоспарлы жөндеу кестесінде көрсетілген.