Саммит 14-15 желтоқсанда Майами қаласында өтеді. Тоқаев жиынға АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады. Қазақстан G20 құрамына кірмейді, сондықтан Президент саммитке арнайы шақырылған қонақ ретінде барады.
Саммитке дайындық мәселесін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур талқылады. Тараптар алдағы кездесудің күн тәртібін пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.