Мәзір
Бүгін, 14:21 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Қамқорлық көрсеткені үшін» 30 млн теңге: Ақмола облысында ММА жаттықтырушысы ұсталды

Ақмола облысында кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалады деген күдікпен полиция екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қамқорлық көрсеткені үшін» 30 млн теңге: Ақмола облысында ММА жаттықтырушысы ұсталды «Қамқорлық көрсеткені үшін» 30 млн теңге: Ақмола облысында ММА жаттықтырушысы ұсталды
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақшалай қаражаттың ірі сомасын бопсалаудың болжамды фактісінің жолын кесті.
5 тамызда полицияға белгісіз адамдар физикалық күш қолданумен қорқытып, кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Осы фактіге сәйкес бопсалау туралы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер екі ер адамды анықтап, ұстады, олардың бірі ММА жаттықтырушысы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандар жәбірленушінің бизнесіне «қамқорлық жасау» үшін ақша талап етуге қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта олардың қылмыс жасауға қатысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде белгілену үстінде.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандардың облыс аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді. Полиция бопсалау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын айтады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2