Мәзір
Бүгін, 10:50 / BuginMedia / Жаңалықтар

Оқушы қызды екі жыл бойы зорлап, кейін достарына ақшаға сатқан: жаттықтырушы қамауға алынды

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталған бұрынғы хоккей жаттықтырушысына байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Оқушы қызды екі жыл бойы зорлап, кейін достарына ақшаға сатқан: жаттықтырушы қамауға алынды Оқушы қызды екі жыл бойы зорлап, кейін достарына ақшаға сатқан: жаттықтырушы қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Басқарманың мәліметінше, күдікті 2024 жылы ведомствоға қарасты спорт мекемесіндегі шөптегі хоккей жаттықтырушысы қызметінен толық босатылған. Қазір ол спорт саласына қарасты мекемелерде жұмыс істемейді.

Бұған дейін облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, қыз жаттықтырушы тарапынан қысым көргенін айтқан.

Іс бойынша тағы бір күдікті ұсталып, қамауға алынған. Сонымен қатар қыздың туыстарына қатысты да жаттықтырушыға күш қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында көгалдағы хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін екі жыл бойы зорлап, бопсалағаны туралы жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2