Мәзір
Бүгін, 12:40 / BuginMedia / Жаңалықтар

Өскеменде жоғалып кеткен сарбаздың қайда екені белгілі болды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған мерзімді әскери қызметші табылды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өскеменде жоғалып кеткен сарбаздың қайда екені белгілі болды Өскеменде жоғалып кеткен сарбаздың қайда екені белгілі болды
әлеуметтік желіден

Ресми мәліметке сәйкес, әскери полиция қызметкерлері қатардағы жауынгерді облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде анықтап, әскери полиция бөліміне жеткізген. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаздың әскери бөлімді өз еркімен тастап кетуіне үйін сағынуы себеп болған", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексеру барысында әскери қызметші командирлер немесе өзге сарбаздар тарапынан жарғылық емес қарым-қатынасқа тап болмағанын, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану деректері кездеспегенін мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы Айқын Марханның із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол Өскемендегі №27943 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында сарбаз зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған. Біраз уақыттан кейін оның әскери бөлім аумағынан өз еркімен кетіп қалғаны анықталған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2