Мәзір
Бүгін, 11:16 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада 17 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

Астанада 17 жастағы Аружан Өтегеннің жоғалып кетуіне байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада 17 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр Астанада 17 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр
әлеуметтік желіден

Туыстарының айтуынша, 2008 жылы туған Аружан Өтеген Қуанышқызы 23 шілде күні шамамен сағат 10:50-де Төле би көшесі, 16-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз, жақындарымен байланысқа шықпаған.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желі арқылы Астана қаласы Полиция департаментінің басшылығына үндеу жасап, кәмелетке толмаған қызды іздеу ісін жеке бақылауға алуды сұрады. Олардың айтуынша, арада бір жарым тәуліктен астам уақыт өтсе де, отбасы іздеу жұмыстары туралы нақты ақпарат күтіп отыр.

Жоғалған бойжеткеннің белгілері: бойы шамамен 165 см, дене бітімі арықша, шашы ұзын.

Аружанның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 8 (775) 116-66-54, 8 (707) 546-07-16 нөмірлеріне немесе 102 қызметіне хабарласу сұралады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2