Мәзір
Бүгін, 11:52 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық болады

Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық болады Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық болады
Фото:depositphotos.com

Алдын ала болжам бойынша, 2026 жылдың тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде атмосфералық құрғақшылық болады.

Құрғақшылық мына аудандарда күтіледі:

Батыс Қазақстан облысы – Бөкейорда және Жәнібек аудандары;

Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;

Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;

Жетісу облысы – Алакөл және Ақсу аудандары;

Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары;

Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандары;

Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл мен Қамысты аудандарында ылғал мөлшері орташа деңгейден жоғары болады деп болжанып отыр.

Ал еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы көпжылдық климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2