Мәзір
23 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Бес уақыт намаз оқитын, ел сыйлаған адам еді»: кішкентай қыз түн ішінде сұмдық жайтқа тап болған

Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел бала кезінде басынан өткен ауыр оқиғаны айтып, ата-аналарға қыздарын қараусыз қалдырмауға кеңес берді. Келіншек заңгер Ләззат Рақышеваға хат жазып, басынан өткен жайтпен бөліскен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Бес уақыт намаз оқитын, ел сыйлаған адам еді»: кішкентай қыз түн ішінде сұмдық жайтқа тап болған «Бес уақыт намаз оқитын, ел сыйлаған адам еді»: кішкентай қыз түн ішінде сұмдық жайтқа тап болған
Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін өзі әкесінің қолында қалған.

«Біз отбасымызда үш адам болатынбыз. Әке-шешем ажырасты, біз әкеміздің қолында қалдық. Әр пәтерде тұруға тура келді. Жағдайымыз өте нашар болды. Туыстар атымен жоқ еді. Қалада жұмыс бірде бар, бірде жоқ болатын. Сөйтіп ауылға көшуге тура келді. Анам біз үшін бас ауыртқан жоқ, өзінің жаңа күйеуімен бақытты өмір сүрді. Ал біз жапа шектік, жоқшылықтың дәмін сездік», – деп жазды ол.

Әйелдің сөзінше, ауылға көшкеннен кейін жақсы адамдарды кездестірдік деп ойлаған.

«Өте жақсы кісілер деп жүргеніміз тек маска киген адамдар екен. Ол кезде менің жасым тоғызда болатын. Сол үйдің қыздарымен бірге өсіп, бірге тамақ жеп, бірге уақыт өткізетінмін», – дейді ол.

Автордың айтуынша, бір күні әкесі үйге келмей қалып, көрші үйге қонуға тура келген.

«Кеш батып, түн болды. Төсек салып қойыпты. Сол үйдің қызы "қайда жатасың?" деп сұрады. Мен "маманың қасына" деп жауап беріп, көрсеткен жерге жаттым. Сөйтіп ұйықтап кеттім. Ол үйдің ер адамы бүкіл ауылға атағы шыққан, бес уақыт намаз оқитын, өте жақсы кісі саналатын», – деп еске алды ол.

Түн ішінде әйелдің айтуынша, ол жағымсыз жағдайға тап болған.

«Түнде түс көріп жатқандай болдым. Денем ауырсынып, қатты терлеп кеттім. Бір кезде оянып кетсем, сол үйдің еркегі менің кеудемді ұстап жатыр екен. Сол бөлмеде бәріміз бірге жатқанбыз. Сол кезден бастап ешкімге сене беруге болмайтынын түсіндім», – дейді ол.

Ол бұл оқиғаның өмір бойы ұмытылмайтын психологиялық жара болып қалғанын айтты.

«Мені зорламағанына да рақмет. Бірақ бұл мен үшін үлкен, ұмытылмас травма болды. Алла барлық баланы жаман пиғылды адамдардан сақтасын», – деп түйіндеді әйел.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2