Мәзір
Бүгін, 09:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 23 шілдеге ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды:  23 шілдеге ауа райы болжамы Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды:  23 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: Envato

Ел аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауылды жел соғуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы:

Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C.

Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2