Мәзір
Бүгін, 17:33 / BuginMedia / Әлемде

Трамп ФИФА президентін жаңа лауазымға ұсынбақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноны БҰҰ-ның Бас хатшысы лауазымына ұсынуды көздеп отыр,  деп хабарлайды buginmedia.kz New York Post-қа сілтеме жасап.

Трамп ФИФА президентін жаңа лауазымға ұсынбақ Трамп ФИФА президентін жаңа лауазымға ұсынбақ
Фото: instagram.com/gianni_infantino

Дереккөздің мәліметінше, Дональд Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиноның БҰҰ-ны басқаруға қажетті барлық қасиетке ие екеніне сенімді.

АҚШ президенті Инфантиноның түрлі елдер мен орта өкілдерімен тіл табыса алатын қабілетін ерекше атап өтіп, оның әлемнің көптеген мемлекетінде зор құрметке ие екенін айтты.

«ФИФА президенті мен БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметтерінің арасында белгілі бір ұқсастық бар. Біріккен Ұлттар Ұйымында 193 мүше мемлекетпен жұмыс істеуге тура келеді, ал ФИФА-ның құрамында 200-ден астам ел бар. Джанни Инфантиноның еңбек жолы оның осындай ауқымды халықаралық құрылымдарды тиімді басқара алатынын дәлелдейді», – деп келтіреді дереккөз АҚШ-тың жаһандық әріптестік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Паоло Дзамполлидің сөзін.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп пен ФИФА президенті Джанни Инфантиноның қарым-қатынасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық және турнирді өткізу кезеңінде айтарлықтай нығайған.

Сондай-ақ биыл БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін ұйымның жаңа басшысын сайлау жоспарланып отыр.

Бұл лауазымға тағайындалу үшін үміткер алдымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдауына ие болуы тиіс. Оның ішінде вето құқығына ие бес тұрақты мүшенің барлығының келісімі қажет. Одан кейін кандидатураны БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдауы керек.

Еске салайық, Джанни Инфантино ФИФА-ны 2016 жылдан бері басқарып келеді. Ол 2023 жылы ұйым президенті қызметіне тағы бір мерзімге қайта сайланған болатын. Әзірге оның БҰҰ-ның Бас хатшысы лауазымына ұсынылатыны туралы ресми растау жарияланған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2