Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Жауын-шашынмен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20+30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22+35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27+35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30+42°С жоғары температура сақталады.