«Келесі жылдан бастап, сержанттардың, офицерлердің, келісімшарттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Үш жылдың ішінде 60 пайызға артады», - деді ол.
Бұған дейін Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы өте төмен екенін, соңғы рет олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін айтқан болатын.