Мәзір
27 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші көз жұмды

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде алған жарақатынан көз жұмған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші көз жұмды Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші көз жұмды
Фото: pixabay.com

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында.

Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты.

Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2