Ләззат Рақышеваның жазуынша, Бразилияда анасы 11 жасар қызын зорламақ болған ер адамды өз бетінше жазалаған. Оның жыныс мүшесін кесіп, өзін пышақтап, денесін өртеп жіберді.
Әйел бірдеңенің дұрыс емес екенін көңілдесі мектеп оқушысына сексуалдық сипаттағы хабарламалар жібере бастағаннан кейін сезген. Оқиға болған түні ол қызының айқайынан оянып, бөлмеге атып кіреді. Сол жерде ол шалбары түсірілген және қолымен мектеп оқушысының аузын басып тұрған ер адамды көреді.
Осыдан кейін анасы өзін ұстай алмай педофилді пышақтап, содан кейін ағаш сойылмен ұрып өлтіреді. Ол мәйітті иен далаға апарып, маньяктың жыныс мүшелерін кесіп алып, содан соң денені өртеп жіберген.
Оқиғаның осындай қорқынышты егжей-тегжейлеріне қарамастан, алқабилер соты бразилиялық әйелді толығымен ақтап шықты.