Мәзір
19 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Ашылмаған ақиқат өмірде көп»: пойыздағы келіншектің құпиясы

Заңгер Ләззат Рақышева оқырмандарынан келген тағы бір хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Ашылмаған ақиқат өмірде көп": пойыздағы келіншектің құпиясы "Ашылмаған ақиқат өмірде көп": пойыздағы келіншектің құпиясы
Фото: istockphoto.com

Автордың айтуынша, ашылмаған ақиқат» өмірде көп екен. Бірде пойызда Арқа өңірінен шыққан бір келіншекпен танысқан. Екі күн бір купеде бірге жол жүрген соң әңгімесі жарасып, өмір туралы сырласқан.

Әңгіме барысында ол күйеуімен ажырасқанын айтып, кейін біраз үнсіз отырып, бала күнінде басынан өткен ауыр оқиғаны айтып берген.

– «Мұны осы уақытқа дейін ешкімге айтқан емеспін...» – деп сөзін бастады ол.

Айтуынша, бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде сыныппен жазғы жорыққа шығатын болған. Сонда мұғалімі оны оңаша шақырып алып: «Ішкиім кимей кел. Ешкімге айтпа», – деген екен.

– «Кішкентай болдым ғой. Не істерімді де білмедім. Ұялдым. Сол күйі ешкімге айтпадым», – деді келіншек жерге қарап.

Ол бұл оқиғаны жылдар бойы ішінде сақтап келгенін, тіпті ең жақын адамдарына да айтпағанын жеткізді.

"Сол әңгіме менің есімнен кетпей қойды. Көп жыл өтсе де, әлгі келіншектің мұңға толы жүзі көз алдымда қалып қойды. Бәлкім, өзім де мұғалім болғандықтан шығар. Өйткені мен үшін ұстаз – шәкіртіне білім беретін ғана емес, оған қорған болатын, сенім сыйлайтын адам. Өкінішке қарай, әр мамандықтың ішінде өз ісіне лайық емес жандар кездеседі. Бірақ олардың әрекеті бүкіл ұстаздар қауымына сын болмауы керек.Сол күні пойыздан түскенде бір ғана ой мазалады: балалар өздерін мазалаған кез келген жағдайды ата-анасына немесе сенімді үлкен адамға қорықпай айта алатындай болуы керек. Себебі кейбір үнсіз қалған оқиғалар адамның бүкіл өміріне әсер етуі мүмкін", - дейді автор.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2