Мәзір
19 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

44 градусқа дейін ыстық, бұршақ пен дауыл: 20 шілдеге ауа райы болжамы

20 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Елдің әр аймағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ екпінді жел соғып, кей өңірлерде шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр. Бұдан бөлек, бірқатар облыста аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

44 градусқа дейін ыстық, бұршақ пен дауыл: 20 шілдеге ауа райы болжамы 44 градусқа дейін ыстық, бұршақ пен дауыл: 20 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: sondakika.com

Ақмола облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында қатты нөсер жаууы мүмкін.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжануда. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжануда. Түнде облыстың орталық бөлігінде қатты нөсер жаууы мүмкін.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

20 шілдеде бірнеше өңірде ауа температурасы өте жоғары болады:

Түркістан облысында +40...+44 градус;

Маңғыстау облысында +40 градусқа дейін;

Қарағанды облысында +38 градусқа дейін;

Ұлытау облысында +35 градусқа дейін;

Шығыс Қазақстан облысында +37 градусқа дейін;

Абай облысында +38 градусқа дейін.

Қызылорда облысында және Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар, аталған өңірлерде және еліміздің көптеген облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2