Мәзір
Бүгін, 10:13 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстандық бұрынғы әйелінің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

Ер адам алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін бұрынғы әйелінің көлігінің қосалқы кілті өзінде қалғанын есіне түсіріп, көлікпен қыдыруды ұйғарған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандық бұрынғы әйелінің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті Қазақстандық бұрынғы әйелінің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті
Фото Pixabay

Степногорск қаласында полиция жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні іздестірді. Күдікті ұсталғаннан кейін оның бұдан өзге де құқық бұзушылыққа қатысы бары анықталды.

Тексеру барысында ер адамның тізгіндеген көлігі өзіне тиесілі емес екені белгілі болды. Renault Scenic автокөлігі ұрланғандардың тізімінде тұрған. Оның иесі – күдіктінің бұрынғы жұбайы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін бұрынғы әйелінің көлігінің кілті өзінде қалғанын есіне түсірген. Кейін автокөлік әдеттегі тұрақ орнында тұр деп болжап, сол жерге барып, Renault Scenic көлігін заңсыз иемденіп кеткен.

Көлік иесі көлігінің жоғалғанын көп ұзамай байқап, полицияға автокөліктің ұрланғаны туралы арыз берген.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстап, әрі қарай тергеу жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2