Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.
Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген.
Ермек Жәкіпжанов корпоративтік сату және мемлекеттік органдармен жұмыс істеумен айналысқан, оған дейін "Технодом" компаниясында еңбек еткен.
2024 жылдың қазан айында екі ер адам оны кездесуге алдап шақырып, есінен танғанша ұрып-соғып, 40 миллион теңге тұратын мүлкін тартып алып, қаладан тыс жерге шығарып, өлтірген.
Жәкіпжановтың денесі Өтеген батыр кентінің шет жағынан табылған.
Қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай күдіктілердің бірі Қарағанды облысы аумағында ұсталған.
Екінші күдікті қашып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың жазында ол Әзірбайжаннан экстрадицияланған.
Оған кісі өлтіру мен қарақшылықты қоса алғанда, ауыр қылмыстар сериясын жасау айыбы тағылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Lenovo компаниясы директорының денесі табылған болатын.