Мәзір
Бүгін, 11:55 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде 46 градусқа дейін ысиды

16-18 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жауын жауады, оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда алдағы үш күнде 46 градусқа дейін ысиды Қазақстанда алдағы үш күнде 46 градусқа дейін ысиды
Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсері себеп, деп хабарлайды синоптиктер.

Болжамға сәйкес, елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 16-17 шілде күндері кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Жауын-шашынның әсерінен еліміздің батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы +22...+35 градус аралығында болады. Солтүстік өңірлерде де ауа температурасы уақытша төмендеп, +21...+36 градусқа дейін жетеді.

Ал республиканың орталығы мен шығысында өте ыстық ауа райы сақталып, сынап бағаны +41 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысының жекелеген аудандары Орта Азиядан келетін ыстық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, аталған өңірлерде күндіз ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін көтеріліп, климаттық нормадан жоғары болады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2