Парламенттегі дауыс беру нәтижесінде премьер-министрдің отставкасын 258 депутат қолдады.
Дауыс беру алдында сөз сөйлеген Юлия Свириденко депутаттарға, мемлекеттік органдар өкілдеріне және Украина президентіне бірлескен жұмыс пен сенімі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол ел тұрғындарының қолдауы мен еңбегін ерекше атап өтті.
Премьер-министрдің айтуынша, үкімет қызметі халыққа қолдау көрсетуге, энергетика, білім беру, көлік, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық салалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі қоныс аударған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.
Свириденконың отставкасымен бірге бірінші вице-премьер әрі Энергетика министрі Денис Шмыгаль, вице-премьерлер және барлық министрлердің өкілеттігі де тоқтатылды.
Жоғарғы Рада төрағасы Руслан Стефанчук премьер-министрге атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, соңғы бір жылдағы парламент пен үкімет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты атап өтті.
Украинаның жаңа үкімет құрамын бекіту мәселесі 16 шілдеде қаралады. Сол уақытқа дейін Министрлер кабинетінің жұмысын уақытша Денис Шмыгаль үйлестіретін болады.