Толығырақ
Трамптың сөзінше, егер Иран оған қарсы шабуыл ұйымдастырып, оның өміріне қол сұғатын болса, Тегеран бұрын-соңды болмаған ауқымды әскери соққыға ұшырауы тиіс.
Ол бұл пікірін Израиль барлау қызметі Вашингтонға Иранның АҚШ президентін жою жоспары туралы мәлімет бергені жөніндегі ақпаратқа қатысты білдірді.
Трамп қазіргі уақытта Иранның мұндай жоспарды жүзеге асырып жатқанына сенбейтінін, алайда Тегеран басшылығы ұзақ уақыттан бері өзін нысанаға алып жүргенін айтты.
"Мен олардың нысанасында бұрыннан бері жүрмін. Сондықтан егер сондай жағдай болса, "оларды бұрын-соңды болмағандай етіп бомбалаңдар" деген нұсқау қалдырдым", – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар ол әзіл-шыны аралас "мені сағынатын шығар" деді.