KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,70 теңгені құрап, 3,39 теңгеге өсті.
Ұлттық банктің 29 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 487,81 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 490 теңгеге белгіленді, сату – 493 теңге. Астанада АҚШ валютасын орта есеппен 488 теңгеден сатып алады, ал 493 теңгеден сатады.