Мәзір
Бүгін, 13:25 / BuginMedia / Экономика

Газ бағасы жыл соңына дейін өсе ме: Энергетика министрлігінің жауабы

Үкіметтегі брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылдың соңына дейін тауарлық газ бағасының өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Газ бағасы жыл соңына дейін өсе ме: Энергетика министрлігінің жауабы Газ бағасы жыл соңына дейін өсе ме: Энергетика министрлігінің жауабы
Фото:depositphotos.com

Журналистердің сұрағына жауап берген вице-министр Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа көтерме бағасын 33%-ға арттыру туралы шешім күшіне енгенін еске салды.

Оның айтуынша, бағаның өсуі елдегі газ инфрақұрылымын қолдауға және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты.

"Біз үшін ең бастысы — елдің газ инфрақұрылымының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету екенін түсінуіміз керек. Оны тұрақты түрде қолдау қажет. Сонымен қатар, «ҚазГаз» халық үшін тарифтерді субсидиялап отыр, сондықтан бұл мәселені біртіндеп шешу қажет", — деді Тұтқышбаев.

Сонымен бірге министрлік жақын арада бағаны қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ.

"Бүгінде біз ағымдағы жылдың соңына дейін бағаны қайта өзгертуді күтпейміз. Әзірге газ бағасын одан әрі көтеру туралы қандай да бір шешім қабылданып жатқан жоқ немесе бұл мәселе қарастырылмайды. 1 шілдеден бастап жаңа бағалар күшіне енді, қазіргі уақытта басқа өзгерістер күтілмейді", — деп мәлімдеді вице-министр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2