Мәзір
Бүгін, 12:26 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, 40 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК 2-4 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, 40 градусқа дейін ысиды Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, 40 градусқа дейін ысиды
Фото: Pinterest

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бүкіл кезең бойы республиканың солтүстігінде, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4–5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталықта, 5–6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ және дауыл күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5–6 шілдеде күндіз батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін қатты ыстық болады, оңтүстік-батыста +40°C-қа дейін, ал солтүстік-батыста +35°C-қа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2