Мәзір
29 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтауда ер адам мен әйел клинингтік қызметкерлердің кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен

Ақтауда ер мен әйел адам клинингтік қызметкерлердің кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда ер адам мен әйел клинингтік қызметкерлердің кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен Ақтауда ер адам мен әйел клинингтік қызметкерлердің кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен
Фото: видеодан алынды

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер тез арада ұсталды. Олардың кінәсі тәркіленген ұрланған мүлікпен және мойындау айғақтарымен дәлелденіп отыр.

Күдіктілер Ақтау қаласының бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы танысы болып шықты. Қазіргі уақытта екі фигурант та қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ІІМ пәтерлерді тазарту қызметтері бойынша тек сенімді клинингтік компанияларға жүгінуді ұсынады.

«Мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы – тазалау процесін бақылауда ұстау. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда үй-жайдан құнды заттарды алып кеткен жөн. Бейнебақылау камераларын қолдану да өзекті. Егер пәтерді тазалап болғаннан кейін сіз заттарыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, дереу клинингтік компанияның қызметкерлері мен басшылығына хабарласыңыз. Егер жоғалған мүлік қайтарылмаса және табылмаса, онда полицияға жүгіну қажет», – делінген хабарламада.

Апта талқысында: