Жаңа емтихан ETS компаниясымен бірлесіп әзірленуде. Компания делегациясы жақында Астанаға келіп, шетелдік университеттердің филиалдарымен алғашқы кездесулерін бастады.
«Жаңа тесттің артықшылығы — оның нәтижелерін шетелдік университеттердің барлық филиалдары қабылдайды. Себебі бұл — ETS, яғни жоғары сапа стандарты. Олардың тесті автоматты түрде қабылдау рәсімдерінде мойындалады. Шетелдік университеттер де оны қабылдайды», — деді Нұрбек.
Министр негізгі емтихан сақталатынын, ал AIT талапкерлерге қосымша түсу мүмкіндігі ретінде ұсынылатынын атап өтті. Сондай-ақ сынақ тесттерін тапсыру мүмкіндігі де сақталады.
2025 жылдың желтоқсанында AIT-ті пилоттық режимде 2027 жылы іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын.